431

Азамат Сатыбалды: «Нұрсұлтан Әбішұлы мені ерекше жақсы көретін»

Азамат Сатыбалды Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты.

Азамат Сатыбалды: «Нұрсұлтан Әбішұлы мені ерекше жақсы көретін»
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актер Азамат Сатыбалды журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен арадағы қарым-қатынасы туралы айтты.

Актердің сөзінше, елдің бұрынғы басшысы оған әрдайым ерекше ілтипат білдіріп отырған. Сатыбалдының айтуынша, олар түрлі іс-шараларда кездескенде амандасып, хал-жағдай сұрасып тұрған.

Өнер иесі EXPO көрмесінің ашылуында болған бір оқиғаны еске алды. Оның айтуынша, сол кезде Назарбаев оны көрген бойда құшақтап, айналасында тұрған адамдарға «Қазақстандағы жақсы көретін актерлерімнің бірі» деп таныстырған.

Сатыбалдының айтуынша, экс-президентке оның «Жұлдыздар тоғысқанда» фильміндегі рөлі ерекше ұнаған. Сонымен қатар актер түрлі мәдени іс-шараларды жүргізіп жүргенін де көріп жүргенін жеткізді.

Сұхбат барысында актер Назарбаевты сынайтын адамдармен келіспейтінін айтты. Оның пікірінше, кез келген адамды бағалағанда алдымен оның жасаған жақсы істеріне назар аудару керек.

Сатыбалды бұл көзқарасты халық әртісі Асанәлі Әшімовтен үйренгенін атап өтті. Актердің айтуынша, ол 25 жыл бойы аға буын өнер иесінің жанында жүріп, оның ешкімді жамандамағанына куә болған.

«Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Қателеспейтін адам жоқ. Бірақ адамның еңбегін көріп, жақсы жағын бағалау керек», – деді актер.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор