Қызылорда мұнайы экспортына квотаны ұлғайту ұсынылды

27.04.2023, 16:57
552
Қызылорда мұнайы экспортына квотаны ұлғайту ұсынылды smartnews.kz

Депутат Руслан Рүстемов Сенат отырысында Қызылорда облысынан шетелге көбірек мұнай сатуға рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«2017 жылдан бері Энергетика министрлігі Қызылорда облысына мұнай экспорты квотасын ұлғайту мәселесі «Кенкияқ-Атырау» реверсі жобасы іске қосылғаннан кейін ғана техникалық мүмкін болады деген ұстанымда болып келді», - деді Руслан Рустемов Сенат отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдай отырып.

Оның айтуынша, аталған жоба Қызылорда облысындағы жер қойнауын пайдаланушылардың ішкі нарыққа мұнай жеткізу жүктемесін 80%-дан 50%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беруі тиіс еді.

«Алайда, 2021 жылы аталған реверс қолданысқа берілгенімен, Энергетика министрлігі Қызылорда облысында мұнай көлемінің сарқылуына байланысты квотаны ұлғайтудың мүмкіндігі жоқ екендігін айтып отыр. Аталған мәселе Үкімет тарапынан егжей-тегжейлі қаралып, қолдау тапқан жағдайда Қызылорда облысындағы бірқатар өзекті әлеуметтік проблеманың шешімі табылатыны анық», - дейді халық қалаулысы.

Депутат келтірген деректерге сәйкес, Қызылорда облысының мұнай өндіруші компаниялары өнімнің 80%-ын ішкі нарыққа сатады, 20%-ы ғана экспортқа кетеді.

Сенатордың пікірінше, ішкі нарықтағы мұнай баррелінің құны әлемдік бағадан 2,5 есе төмен. Демек, мұнайшылар айтарлықтай сомадан қағылып отыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды