356

Иракта америкалық әскери ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Ирак аспанында апатқа ұшырап америкалық ұшақтағы экипажтың тағдыры әлі белгісіз.

Иракта америкалық әскери ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)
x.com/medyaradikall

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Орталық қолбасшылығы Ирак аумағында америкалық жанармай құюшы әскери ұшақтың апатқа ұшырағанын растады.

Әскери ведомствоның мәліметінше, оқиға одақтастар бақылайтын әуе кеңістігінде, «Epic Rage» атты операция кезінде болған. Бұл операция АҚШ пен Израиль күштерінің Иранға қарсы әскери іс-қимылдарының бір бөлігі саналады.

Қолбасшылық таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиғаға екі ұшақ қатысқан. Солардың бірі Ирактың батыс бөлігінде апатқа ұшыраса, екіншісі қауіпсіз түрде қонған.

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Әскери ведомство ұшақтың сырттан соққыға ұшырамағанын мәлімдеді.

Ал CNN телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасап, апатқа ұшыраған ұшақ бортында бес адам болғанын хабарлады. Олардың тағдыры әзірге белгісіз.

Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Материал авторы