Қазақстаннан АҚШ-қа алдағы екі жылда тікелей авиарейістер қатынайды

27.04.2023, 19:36
556
Қазақстаннан АҚШ-қа алдағы екі жылда тікелей авиарейістер қатынайды smartnews.kz

Бүгін Алматыда Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның авиация өкілдерінің қатысуымен авиациялық қауіпсіздікті үйлестіру тобының бірінші отырысы өтті.

Басқосуда Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына ашылатын тікелей рейстер сөз болды. Бұл жоба алдағы екі жылда жүзеге асады деген жоспар бар, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жиынға қатысушылар, мұхит асатын тікелей рейс ашу үшін ең алдымен, қазақстандық әуе компанияларының бірі тиісті өтінім беруі керек екенін айтты.

Өтінімді АҚШ авиациялық әкімшілігі қарастырады. 
«Біз 2024 жылдың басына дейін барлық нормативтік базаны дайындауды жоспарлап отырмыз. Аудиттен өтуге және осы рейстерді ашуға дайынбыз. Сонымен қатар тиісті талапқа сай ұшақ болуы керек. Бұл әуекомпаниясының өтініміне тікелей байланысты»,- деді «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры Каталин Раду.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың сөзінше, Америка тарапы авиация қауіпсіздігі мәселесін өте жоғары бағалайды. 

«Алдағы екі жылда біз Америка Құрама Штаттарына әуе рейстерін ашуды жоспарлап отырмыз. Америка тарапы авиациялық қауіпсіздік мәселесін өте жоғары бағалайды. Біз әріптестерімізбен өте тығыз жұмыс жасаймыз және осы бастамалардың барлығына халықаралық азаматтық авиация ұйымдары әрқашан оң баға беріп отырады», - деді Талғат Ластаев.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды