Лондонда Асқар Маминнің туыстарына тиесілі 10 млрд теңгеден асатын пәтерлер бары әшкере болды
Қаңтар оқиғасынан кейін премьер-министр лауазымынан өз еркімен кеткен Маминнің туыстарына тиесілі мүліктер белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұрынғы премьер-министр Асқар Маминнің туыстары Ұлыбритания астанасында 15,7 миллион фунт стерлингке (шамамен 10,4 миллиард теңге) бағаланатын екі пәтерге иелік ететіні белгілі болды. Бұл пәтерлердің ресми бақылаушысы – Асқар Маминнің ағасы Марат Мамин, оның рұқсатынсыз Ернар мен Әлібек мүлікті сата немесе жалға бере алмайды. Бұл туралы «Выход к морю» Telegram-арнасы жазды.
Екі пәтер де Лондонның беделді Bayswater ауданында орналасқан, Кенсингтон бақтары мен Гайд-парктен жақын. Бұл аймақ бұрынғы кеңес элитасы арасында танымал. Көршілерінің арасында украиналық миллиардерлер Ринат Ахметов пен Дмитрий Фирташ, ресейлік олигархтар Олег Дерипаска мен Дмитрий Рыболовлев бар.
2014 жылы Асқар Мамин «Қазақстан темір жолын» басқарған кезде отбасы осы ауданда орналасуға шешім қабылдаған. Бірінші пәтер 8,7 миллион фунт стерлингке түскен және Әлібекке жазылған, бірақ әкесі қол қою құқығын сақтап, кез келген мәмілеге тыйым салған. Бір жыл бұрын көрші пәтер 7 миллион фунт стерлингке сатып алынып, үлкен ұлы Ернарға жазылған.
Марат Маминнің отбасы Лондонда жылжымайтын мүліктен бөлек, АҚШ пен Дубайда да активтерге ие. Орландо маңында көл жағасында коттедж, Майамидағы Aventura Marina Two кешенінде 278 м² пәтер, Дубайдағы Al Bateen Residences-тегі пәтер солардың қатарында.
Бұрынғы премьер Асқар Маминнің өзіне шетелдік жылжымайтын мүлік ресми түрде тіркелмеген. Ол Қаңтар оқиғаларынан кейін саясат пен қоғамдық өмірден шеттетіліп, Қазақстан хоккей федерациясының қарапайым басшысы болып тағайындалған.
Материал авторы