241

Ресейде әйел телефонындағы құпия құжаттар үшін азаматтығынан айырылды

Ресейдің Украинаға қарсы соғысын сынаған әйел жазаланды.

Ресейде әйел телефонындағы құпия құжаттар үшін азаматтығынан айырылды
Максим Богодвид / РИА Новости

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейде Украинадан 2013 жылы келген әйел Ресей азаматтығынан айырылды.

Әйел Ресей азаматтығын жеңілдетілген бағдарлама арқылы 2013 жылы алған. Алайда ФСБ қызметкерлерінің тексеруі бірнеше заңбұзушылықты анықтаған соң азаматтықтан айыру шешімі қабылданған.

Анықталғандай, 2014 жылдан бастап әйел қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорнында жұмыс істеген. Оның мобильді телефонынан «Қызметтік қолдануға арналған» деген грифі бар құжаттың фотосуреті табылған.

Сонымен қатар украиналық таныстарына жазған хабарламаларында Ресей азаматтары мен соғысты сынап, теріс пікір білдіргені белгілі болған.

Материал авторы