Аралды толтырамын деп жүрген ғалым Алтай Айнабек референдумға қатыспайтынын айтты
Жақсы атымды жаман теңеулер беріп қаралап, надандығымен, қастандықтарымен боққа тықты дейді Алтай Айнабек.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ғалым Алтай Айнабек биылғы оразаның ауыр өткені мен өз өміріндегі жағдайларын айтып, елдің референдумына бармайтынын жеткізді.
«Қайдамын кәзір? Орта жасқа келгенде тағдырым неге бұлай өзгерді? Ауыр ойлар. Әрине, ер азаматтың басынан не өтпейді дейсің... Бір жан ашырым айтып еді «Олимпиада чемпионы болмасаң, оған дейінгі қиындықты айту бос сөз… Жеңіске жеткендер сөйлейді» деп. Бірақ. Өз жаның, өз тағдырың, тас түскен жерге ауыр ғой...», – деп ой толғайды.
Алтай Айнабек қарапайым, адал отбасыда тәрбиеленген, әулетін алға жылжыту үшін үлкен еңбек сіңірген адам екенін атап өтті. Ол миллиондаған доллармен жұмыс істеп, жүздеген адамға жұмыс беріп, қоғамға үлес қосқанын еске салды.
«Бір кезде ақыл сұрап, бірге шәй ішкен достарым қазір Президент жанында, әкім, депутат немесе министр. Ал мен өз жолыммен, технологияларға инвестиция жасап, кейде «далада» қалғандаймын», – деп жеткізді ғалым.
Ол өмірдің жалғасатынын, ешкімді кінәламайтынын, өз таңдауын өзі жасайтынын айтты.
«Жалғыз өкініш – кейбір адамдар менің атымды жаман ниеттерімен, надандықпен бұрмалап, кедергі келтірді», – деді ол.
Ғалымның сөзінше, 15 наурыздағы референдумға шақырту болса да, ол қатыспайды.
«Менсіз де таң атып, тауық шақырары анық. Бірақ басшылар әр азаматтың құқықтары мен бастамаларын қорғай алса ғой», – деді Алтай Айнабек.
Материал авторы