Алматыда 1 мамыр мерекесі қалай тойланады

27.04.2023, 20:49
700
Алматыда 1 мамыр мерекесі қалай тойланады smartnews.kz

Алматыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған негізгі мерекелік іс-шаралар «Республика сарайы» алдындағы Абай алаңында өтеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Концерт «Жасstars» тобының және «Салтанат» би ансамблінің орындауындағы «Қазақстан – достық бесігі» вокалдық-би композициясымен ашылады. Ерболат Құдайбергенов, Рүстем Нұржігіт, Данияр Өтеген, Мәди Рымбаев, Дильназ және Дильшат Ахмадиевтер, Төреғали Төреәлі, Дидар Қаден, Aldaspan тобы және тағы басқалары өнер көрсетеді деп жоспарлануда.
Алматы – Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 2023-2024 жылдардағы мәдени және туристік астанасы. Осыған орай, халқымыздың бірлік мерекесі Татарстан, Өзбекстан және Беларусьтан келген қонақтарды қарсы алады. Концертке халықаралық байқаулардың лауреаты Зарина Хасаншина, Өзбекстанның, Қарақалпақстанның, Башқұртстанның халық әртісі Жеңісбек Пиязов және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген артисі Жанет Бутерус қатысады.

Мерекелік концерттің жалғасы ретінде қазақ, армян, корей, кавказ, түрік, ұйғыр, поляк ұлттық билері және Қазақстанның басқа халықтарының биі ұсынылады.

Дәл осы күні Абай алаңында Қазақстан халықтарының тағамдары фестивалі өтеді, онда 15 мейрамхана қазақ, корей, грузин, орыс, ұйғыр және үнднің ұлттық тағамдарын ұсынады.
1 мамыр күні сағат 11.00-де Жібек Жолы, Панфилов көшелерінде және Ғылым академиясы ғимаратының алдындағы Ш.Уәлиханов атындағы скверде мерекелік іс-шаралар өтеді. Концерттік бағдарламалар «Алматы әуендері» әртістерінің және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, музыкалық топтар мен ди-джейлердің қатысуымен жоспарланған.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды