«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды

15.03.2026, 12:50
166
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды qazaqstan.tv

Республикалық референдум аясында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасуда. 09:00-де басталған шараның алғашқы үш сағатында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, инновациялық жобалар таныстырылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, медиа кеңістікте алғаш рет онлайн марафонды журналистер робот-жүргізушімен бірге ресми түрде бастады.

Марафонның ток-шоу алаңында қоғам үшін өзекті екі тақырып — «Инклюзивті қоғам» және «Бала тәрбиесі: дәстүр мен заманауи әдістің қайшылығы» талқыланды. «Инклюзивті қоғам» тақырыбындағы дискуссия барысында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға тең мүмкіндік жасау, қолжетімді орта қалыптастыру және қоғамдағы өзара құрмет мәдениетін дамыту мәселелері сөз болды. Сарапшылар инклюзияның білім беру жүйесіндегі, еңбек нарығындағы және қоғамдық кеңістіктегі рөліне тоқталды.

«Бала тәрбиесі: дәстүр мен заманауи әдістің қайшылығы» тақырыбындағы талқылауда қазіргі қоғамдағы тәрбие тәсілдерінің өзгеруі, ұлттық құндылықтар мен заманауи психологияның үйлесімі, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігі мәселелері көтерілді.

Бұл туралы отбасылық психолог Ержан Мырзабаев:

«Қазақта әр дәстүрдің озығы бар, тозығы бар деп айтады. Дәстүр – белгілі бір кезеңде халықтың өмір сүруіне ыңғайланған әдет-ғұрыптардың жиынтығы. Сондықтан кейбір дәстүрлер бір заманда өзекті болса, басқа уақытта өзектілігін жоғалтуы мүмкін», – деп, дәстүр мен заман талабының ұштасуы маңызды екенін атап өтті.

Спикерлер бала тәрбиесі қай қоғамда да, қай жаста да маңызды деген ортақ пайымға тоқталды.

Медиа шарада алғаш рет ұйымдастырылған инновация алаңында отандық өнертапқыштардың ерекше жобалары да таныстырылды. Атап айтқанда, ДЦП диагнозы бар адамдарға қолайлы етіп жасалған жаңа арба көрерменге ұсынылды.

Бұл құралды жүзеге асырған автор Мәулен Бектұрғановқа робот жүргізуші сұрақтар қойып, жобаның қоғам үшін пайдалы екенін атап өтті. Сұхбат соңында робот өз биімен көпшілікті таңғалдырды.

Онлайн марафон аясында Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы жанындағы пресс-орталық референдум барысы туралы ресми ақпараттар ұсынуда.

Атап айтқанда, дауыс беру учаскелерінің ашылуы, дауыс берудің басталуы, шетелдегі учаскелердің жұмысы және азаматтардың келу белсенділігі туралы мәліметтер жарияланды.

«Референдум – 2026» онлайн шарасы аясында көрермендерге танымал өнерпаздар мен өнер ұжымдары өнер көрсетті. Олардың қатарында ҚР Ұлттық ұланының Ерлер хоры, электро-домбырамен өнер көрсететін шебер Ақтоты Болышева, Рухия Байдүкенова, «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі және «Алтын домбыра» тобы бар.

Музыкалық нөмірлер голограмма шоуымен әрлендірілді.

Қоғамдағы маңызды тақырыптарды талқылап, сарапшылар мен мамандардың пікірін ортаға салуға және елдегі инновациялық бастамаларды таныстыруға мүмкіндік беретін онлайн марафон сағат 09:00-ден 01:00-ге дейін, яғни 16 сағат бойы жалғасады.

Тікелей трансляцияға төмендегі сілтемелер арқылы өтуге болады: 

YouTube - https://www.youtube.com/live/XI1B-nqakuI?si=gxL0PPqqmZy-46-C

Facebook - https://www.facebook.com/share/v/1EckJhg5S2/

Instagram - https://www.instagram.com/qazaqstantv/live/17987331689950875 /

TikTok -  https://vt.tiktok.com/ZS9R1bfLPhNoH-xhVsr/

Telegram - https://t.me/qazaqstantv?livestream

Айта кетейік, Республикалық референдум аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен «Референдум – 2026» атты ауқымды онлайн марафон өтіп жатыр.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр