«Оскар-2026»: Жылдың үздік фильмі мен актерлері анықталды
Басты жеңіс режиссер Пол Томас Андерсондың фильміне бұйырды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оскар сыйлығын табыстау рәсімінің 98-ші салтанатты кеші Лос-Анджелес қаласында өтті. Биылғы кино кешінің басты жеңімпазы режиссер Пол Томас Андерсон болды. Оның жаңа фильмі киноакадемияның негізгі марапаттарын иеленді.
Салтанатты кеш Dolby Theatre сахнасында өтіп, оны комик Конан О’Брайен жүргізді. «Үздік фильм» номинациясында драма жанрындағы Битва за битвой картинасы жеңіске жетті.
Аталған туындының режиссері Пол Томас Андерсон «Үздік режиссер» атанып, сонымен қатар «Үздік бейімделген сценарий» үшін де «Оскар» мүсіншесін алды.
Актерлік номинациялар
Биыл актерлік аталымдарда күтпеген сенсациялар тіркелген жоқ. Маусым фавориттері марапаттарға ие болды.
«Үздік актер» – Майкл Б. Джордан (Sinners);
«Үздік актриса» – Джесси Бакли (Hamnet);
«Екінші пландағы үздік актер» – Шон Пенн (One Battle After Another Battle);
«Екінші пландағы үздік актриса» – Эми Мэдиган (Weapons).

Техникалық номинациялар
Көрермендер күткендей, Джеймс Кэмерон түсірген «Аватар: От пен күл» фильмі «Үздік визуалды эффектілер» жүлдесін жеңіп алды.
Ал «Үздік анимациялық фильм» аталымында «KPop Demon Hunters» жобасы үздік деп танылды.
«Үздік шетелдік фильм» номинациясында норвегиялық «Sentimental Value» картинасы жеңіске жетті.
Сыншылардың ерекше назарын композитор Людвиг Горанссон аударды. Ол «Sinners» фильміне жазған музыкасы үшін «Үздік саундтрек» аталымында «Оскар» алды.
Ал «Үздік деректі фильм» номинациясында «Mr Nobody Against Putin» туындысы жеңімпаз атанды.
Дәстүр бойынша салтанатты кеш барысында өткен жылы өмірден өткен кино саласының қайраткерлері бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Материал авторы