Мирзиёев Тоқаевты референдумның сәтті өткені үшін құттықтады
Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері пікір алмасты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті.
Кездесуде Шавкат Мирзиёев Қазақстандағы жаңа Конституция жобасы бойынша өткізілген референдумның сәтті өткенін атап өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады. Өзбекстан Президенті референдум нәтижелері елдің президент басшылығымен жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларға сенім білдіретінін көрсетті деп бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан тарапынан көрсетілген қолдау мен бақылаушы миссияларын, оның ішінде халықаралық ұйымдар құрамындағы бақылаушыларды жібергені үшін ризашылығын білдірді. Ол жаңа Конституцияны прогрессивті құжат деп сипаттап, заманауи талаптарға сай және мемлекеттің тұрақты әрі жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты. Өзгерістер процесінде халықаралық серіктестермен, әсіресе жақын көршілер мен Қазақстанның одақтастарымен ынтымақтастықты нығайту басты назарда болады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы өзара қарым-қатынастың оң динамикасын атап өтті. Бұған дейін қол жеткізілген келісімдер мен Жоғарғы мемлекетаралық кеңестің шешімдерінің жүзеге асу барысына қанағаттанушылық білдірілді және барлық деңгейде өзара іс-қимылды жалғастыру туралы келісімге келді.
Сонымен қатар президенттер аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылап, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.
Материал авторы