372

Нетаньяху өзін өлді деген қауесетті жоққа шығарды

Премьер-министр жергілікті дәмханадан кофе ішіп, өзінің тірі екенін көрсетті.

Нетаньяху өзін өлді деген қауесетті жоққа шығарды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху интернетте тараған өлі немесе жараланғаны туралы қауесеттерді жоққа шығару үшін видео жариялады.

Видеода ол Иерусалим шетіндегі кафеде кофе ішіп, көмекшісімен әңгімелесіп отыр. Көңілге қонымсыз қауесеттерді жоққа шығару үшін, Нетаньяху жағдайды әзілмен түсіндірді. Көмекшісі оған қауесеттер туралы сұрақ қойған кезде премьер-министр «өлді» сөзіне сөз ойыны арқылы жауап берді: иврит сленгінде бұл сөз «бір нәрсеге ессіз тәуілді болу» дегенді білдіруі мүмкін. Ол кофе кружкасын қолына алып:

— Мен кофеге ессізмін. Ал білесіз бе? Мен өз халқым үшін ессізмін, — деді Нетаньяху.

28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылынан кейін премьер-министр кем дегенде екі зардап шеккен қаланы, аурухананы, порт пен әскери базаларды аралаған. Дегенмен БАҚ өкілдері үшін қолжетімділік шектеулі болды, ал видеоматериалдар оның канцеляриясы арқылы таратылды, деп жазады Al-Awsat.

Қауіпсіздікке байланысты сирек сұхбат беретін Нетаньяху соңғы аптада алғаш рет бейнебайланыс арқылы баспасөз мәслихатын өткізді.

Алайда интернет қолданушылары премьер-министрдің видеосының скриншотын таратып, оның қолында алты саусақ бар деп хабарлады. Бұл — жасанды интеллект негізіндегі видеогенераторларда жиі кездесетін қате.

Видеода премьер-министр қолын көрсетіп, камераға қарап:

— Саусақтарды санайсыз ба? — деп сәл күлкілі түрде сұрады.

Бұл оқиға Ирандағы жаңа Жоғарғы көшбасшы Моджтаба Хаменеи алғашқы ресми үндеуін жасағанымен байланысты. Ол халыққа телеарна арқылы үндеу жасады, бірақ камера алдында жеке көрінбеді.

Материал авторы