583

Сиви Махмуди әнші Алмас Кішкенбаевпен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Әнші бірінші болып Алмас Кішкенбаевқа өзі хабарласқанын мойындады.

Сиви Махмуди әнші Алмас Кішкенбаевпен қарым-қатынасы туралы ашық айтты
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Сиви Махмуди «Кездесу» бағдарламасында жеке өміріне қатысты бұрын көп айтыла бермеген жайтты бөлісті. Өнер иесі кезінде әнші Алмас Кішкенбаевпен араласқанын жасырмай, бұл байланыс қалай басталғанын айтып берді.

Әншінің айтуынша, олардың таныстығы Алмас Кішкенбаев «SuperStar KZ» жобасына қатысқан кезеңде басталған. Ол кезде Алмас 18 жаста, ал Сиви шамамен 15-16 жаста болған.

Сиви ортақ таныстары арқылы әншінің телефон нөмірін алып, алғаш болып өзі жазғанын айтты.

«Кішкентай едім. Тіпті оның суретін шығарып алып, фотошоппен екеумізді бірге жасап, бөлмеме іліп қойған кездерім болды. Кейін араласып, дос болып кеттік. Ол – бала махаббатым ғана еді. Бірақ біз тіпті қол ұстасып көрмедік. Алмасқа да рақмет, ол да ешқашан менің қолымды ұстамады», – деді әнші.

Әншінің бұл естелігі әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Бірі оның ашықтығын қолдаса, енді бірі сыни пікір білдірді.

Бұған дейін Сиви Махмуди жас жігітпен бірге түскен видеосын жариялап, көпшіліктің назарын аударған еді. Қысқа роликте әнші белгісіз ер адаммен бірге көрінеді.

«Бұл кадрлар өмірден алынған ба, әлде кинодан ба?» – деп жазды әнші парақшасында.

Бұл жазба желі қолданушылары арасында түрлі болжам тудырды. Кейбірі олардың қарым-қатынасы туралы пікір білдірсе, енді бірі видеоны жай шығармашылық жоба болуы мүмкін деп болжады.

Айта кетейік, бұған дейін Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша бес жылға сотталған. Тергеу деректеріне сәйкес, ол туыстарының 50 мың долларын иемденіп, жеке мақсатына пайдаланған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор