Кінәлі емеспін: Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты
Серік Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты. Ол өзінің айыпты емес екенін жеткізді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
«Мен кінәлі емеспін. Халқыма оқ атпадым. Азаптау болмады. Жәбірленушілер бәрін жоққа шығарды. Тағылған айыптар сотта дәлелін таппады»,- деді Серік Күдебаев соттағы соңғы сөзінде.
Сот сағат 15:00 ге ауыстырылды. Сол кезде үкім шығады деп күтіліп отыр.
Бүгін сағат 11:00-де өтуі тиіс сот отырысы бірнеше сағатқа кешігіп басталды. Серік Күдебаевты сот залына арнайы күзетпен жеткізді.
Түскі сағат 13:25-те сот отырысы басталды.
Процесс басталмас бұрын Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесін «елге өз еркімен келді» деген мәлімдеме жасаған болатын.