Астанада түрік-қазақ бизнес IT-форумы өтіп жатыр

28.04.2023, 14:27
658
Астанада түрік-қазақ бизнес IT-форумы өтіп жатыр astanahub.com

Форум бизнес-қоғамдастық арасындағы іскерлік байланысты дамытуға және екі мемлекет арасындағы сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Іс-шараның ашылу салтанатында ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі Асқар Жамбакин Түркия еліміздің ең басым сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

Екі күн бойы, 27 және 28 сәуірде қазақстандық және түрік бизнес-делегацияларына көзбе-көз танысу, коллаборация мен ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін жеке келіссөздер жүргізуге мүмкіндік берілді.

«Біз қазақстандық компаниялармен ынтымақтастықты нығайту үшін B2B кездесулерін ұйымдастырдық. Дәл осындай шара Алматыда да өтті. Біз форумның арқасында жаңа келісімшарттар жасалып, жергілікті компаниялармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатылады деген үміттеміз», - деді Bilkent CYBERPARK бас директоры Фарук Иналтекин.

Келіссөздер мынадай бизнес-санаттар бойынша жүргізілуде: бағдарламалық қамтамасыз ету, IoT, портал әзірлеу, энергетикалық мониторинг және басқару, автоматтандыру, смарт қала шешімдері, жасанды интеллект, машиналық оқыту, мобильді қосымша, финтех, цифрлық трансформация, өнімділік, смарт үй жүйесі, қорғаныс өнеркәсібі, географиялық ақпараттық шешімдер, IT, электронды құжат айналымы, электронды қолтаңба шешімдері, денсаулық саласы.

«Біз жуырда министр Бағдат Мусин бастаған үлкен делегацияның құрамында Түркияның технологиялық кәсіпкерлік экожүйесінде маңызды орын алатын Bilkent CYBERPARK-те болдық. Бүгінгі форум Digital Bridge халықаралық форумында қол қойылған меморандум аясындағы серіктестігімізді одан әрі дамытудың тағы бір дәлелі. Мен түрік әріптестерімді қарсы алуға және ынтымақтастығымыздың нығайып жатқанына өте қуаныштымын», - деді отандық технопарк экожүйесін таныстыру барысында Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Еске салсақ, 2022 жылдың 28 қыркүйегінде Digital Bridge халықаралық форумының алаңында түркі елдерінің технопарктері – Bilkent Cyberpark (Түркия), Astana Hub (Қазақстан), Sabah Lab (Әзірбайжан), ПВТ (Қырғызстан), Bilisim Vadisi (Түркияя), IT Park Uzbekistan (Өзбекстан) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Аймақтағы АКТ мен инновациялық экожүйені бірлесіп дамытуға бағытталған бұл келісім Түркі мемлекеттері ұйымының сегізінші саммитінде Түркі елдерінің заманауи технопарктер орталығын құруды ұсынған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы аясында жасалған еді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады