Иран Лариджанидің өліміне жауап ретінде Израильге зымыранмен соққы жасады
Иран билігіне ықпалдылар Голамреза Сулеймани мен Али Лариджани қайтыс болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иранда Ислам революциясы сақшылары корпусы еріктілерден құралған «Басидж» құрылымының командирі Голамреза Сулеймани қайтыс болғанын растады. Бұл туралы 17 наурызда белгілі болды. Сол күні Иранның Қауіпсіздік кеңесі де өз хатшысы Али Лариджани өлімі туралы ресми мәлімдеді.
Лариджани өліміне жауап ретінде Тегеран Израильге жаңа ракеталық шабуылдар жариялады. Израильдегі Рамат-Ган қаласында (Тель-Авивтің шығысында) болған ракеталық шабуыл салдарынан екі адам қаза тапты – ер адам мен әйел. Magen David Adom қызметінің мәліметі бойынша, қаза тапқандар 70-80 жас аралығындағы қарттар.
Али Лариджани туралы The New York Times дерегіне сүйенсек, Израиль мен АҚШ-пен соғыс басталмас бұрын, ол Ислам Республикасының іс жүзіндегі жетекшісі қызметін атқарған.
Иранның ракеталық соққысы аймақтағы жағдайды шиеленістіріп, халықаралық қауымдастықты алаңдатты. Жергілікті билік шабуылдан кейін төтенше дайындықты күшейтті.
Сарапшылардың айтуынша, Лариджани өлімі мен оған берілген жауабы аймақтағы әскери қауіптің өсуіне, сондай-ақ Израиль мен Иран арасындағы шиеленістің ушығуына себеп болды.
Материал авторы