«Aqyl Battle» жастарға арналған интеллектуалды жарысы басталды

28.04.2023, 15:27
765
«Aqyl Battle» жастарға арналған интеллектуалды жарысы басталды gov.kz

Бүгін ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру туралы» баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шара барысында ҚР АҚДМ вице-министрі Евгений Кочетов,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев, сонымен қатар «Aqyl Battle» жобасының техникалық жетекшісі Бибінұр Шербаева спикер ретінде сөз сөйледі.

«Aqyl Battle» – 14-35 жас аралығындағы жастар арасында мемлекеттік тілде жүргізілетін заманауи зияткерлік командалық ойын.

Турнир үш кезеңде өткізіледі: бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік онлайн турнир - «Aqyl Battle» мобильді қосымшасындағы өңірлік іріктеу; екінші кезең (іріктеу) – өңірлік оффлайн турнирлер; үшінші кезең – «Aqyl Battle Cup» республикалық сайысының финалы.

Евгений Кочетов өз сөзінде мұндай зияткерлік ойындар рухани құндылықтар мен патриотизмнің қалыптасуына ықпал ететінін атап өтті.

Жоба мақсаты: мемлекеттік тілді кеңінен дәріптеу, тілге деген қызығушылықты ояту, логикалық ойлауды дамытатын білімді жастар үшін бос уақыттың өзекті форматын қалыптастыру мақсатында жастар арасында қызықты интеллектуалдық, шығармашылық сайыстар өткізу және ел азаматтарының лингвистикалық капиталын арттыру.

Дәулет Мұқаев, өз кезегінде іске қосылып жатқан ойынның құрылу тарихымен бөлісті.

ҚР Үкіметі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жасақтаған 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын бекітті.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысында егеменді Қазақстанның жаңа сын-қатерлері тұрғысынан жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған жобалар айқындалды, соның бірі – «Aqyl Battle».

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады