Алматыда Олимпиада қатысушыларына ғана берілген смартфондар сатылып жатыр
Олимпиадаға арналған эксклюзив тауарды интернетте сатпақ болған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарынан бір ай өткен соң, Қазақстандағы онлайн сауда алаңдарында ұлттық делегация қатысушыларының эксклюзивті заттары мен ресми экипировкасы сатылымға шыға бастады.
Соңғы екі аптада ең көп ізделген тауар – Samsung Galaxy Z Flip7 Olympic Edition смартфондары. Бұл шектеулі шығарылымдағы гаджеттер Милан мен Кортине-д’Ампеццо қалаларында тек Олимпиада қатысушыларына берілген.
Баға диапазоны Алматы мен басқа қалалардағы сатушыларда 650 000–700 000 теңге аралығында. Сатушылар хабарландыруда: «Олимпиадаға арналған нұсқа, тек қатысушыларға берілген» деп көрсеткен.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының ресми киімі де сатылады:
Парадтық костюм – 100 000 теңге
Спорттық костюм – 80 000 теңге
Олимпиада костюмі (жалпы) – 50 000 теңге
Under Armour етік – 20 000 теңге
Дүниежүзілік тәжірибеде олимпиадалық сыйлықтар мен форма сатылымға шығуы қалыпты құбылыс. Алайда Қазақстанда бұл әрдайым жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырып келеді.
Материал авторы