369

Еркебұлан Тоқтарпен төбелескісі келген өзбек файтері түрмеге қамалды

Еркебұлан Тоқтармен жекпе-жекке шыққысы келген файтер не үшін сотталғаны белгілі болды.

Еркебұлан Тоқтарпен төбелескісі келген өзбек файтері түрмеге қамалды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық ММА спортшысы Еркебұлан Тоқтарды ашық түрде жекпе-жекке шақырған өзбекстандық файтер Шахзод Узоков, «Голд» лақап атымен танымал, үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Узоков өткен жылдың қарашасында көшеде досымен бірге екі азаматқа күш қолданғаны үшін қолға түсті. Алғашқыда сот оны төрт жыл үйқамаққа кескен, бірақ белгіленген талаптарды бұзғандықтан іс қайта қаралып, спортшы үш жылға түрмеге жабылды.

Шахзод Узоков Еркебұлан Тоқтар арқылы Қазақстанда танымал болды. Ташкенттегі турнирде жекпе-жектен кейін ол рингке шығып, Тоқтарға ашық түрде дуэльге шақырған еді. Бұл көрініс көрермендердің қызығушылығын тудырып, кейін олардың арасындағы мүмкін болатын жекпе-жек туралы келіссөздер басталған.

Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегін 26 желтоқсанда өткізіп, ресейлік боксшы Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутпен жеңді. Ал Узоков ақпан айында өткен турнирде әзербайжандық Мухаммадали Нурусовпен кездесіп, бірінші раундта жеңіліп қалды.

Қазіргі кезде Узоковтың спорттық мансабы мен Еркебұлан Тоқтармен жоспарланған жекпе-жегі нақты анық емес.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор