267

Тоқаев халықты Ораза айтпен құттықтады

Ораза айт пен Наурыздың қатар келуі тегін емес дейді Президент.

Тоқаев халықты Ораза айтпен құттықтады
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтап, қоғамдағы рухани құндылықтардың маңызын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Ораза айт – мұсылман қауымы үшін ерекше мәні бар қасиетті мейрам. Бұл күндері адамдар рухани тұрғыдан тазарады, сабыр мен қанағатты, өзара құрмет пен жанашырлықты алға қояды.

Мемлекет басшысы ораза ұстаған жұрттың иманы күшейіп, төзімі шыңдалатынын айтты. Сонымен қатар, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – осы кезеңнің басты мазмұны екенін атап өтті.

Тоқаев дәстүр мен діннің қоғамдағы рөлін бөлек тоқталып, олардың ел бірлігін бекемдеп, тұрақтылықты нығайтатынын жеткізді. Оның пікірінше, мұндай құндылықтар қоғамды игі істерге бастайды.

Биыл Ораза айттың Наурызбен тұспа-тұс келуі де ерекше мәнге ие. Президент мұны ел дамуының жаңа кезеңімен байланыстырып, символдық тұрғыда маңызды оқиға ретінде бағалады.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қазақстан халқының жаңа Ата заңды қабылдап, әділеттілік пен өркендеуге бағытталған жолды таңдағанын еске салды. Конституциялық реформаны қолдау арқылы ел тарихында жаңа белес басталғанын айтты.

Құттықтау соңында президент азаматтарға денсаулық, береке мен табыс тілеп, ел тыныштығы мен амандығын тіледі.

Материал авторы