395

Шалқардағы жаппай төбелестен 17 жастағы жасөспірім қаза тапты

Күдіктілердің жасы 17-де боп шықты.

Шалқардағы жаппай төбелестен 17 жастағы жасөспірім қаза тапты
ЖИ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысының Шалқар қаласында жасөспірімдер арасында болған жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды. Қақтығыс кезінде пышақ жарақатын алған 17 жастағы жігіт көз жұмды.

Қайғылы жағдай марқұмның жақындарына ауыр соққы болды. Туыстарының айтуынша, ол өткен жылы мектеп бітіріп, уақытша жұмыс істеп жүрген. Алдағы жоспары — әскерге барып, кейін жоғары білім алу болған.

Марқұмның туыстары оның мінезін ашық, елгезек деп сипаттайды. Ол отбасына қолдау көрсетіп, науқас әжесіне күтім жасаған. Үйдің ортаншы баласы болған, артында бауыры мен қарындасы қалды.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға қатысқан барлық жасөспірімдер анықталып, полиция бөліміне жеткізілген. Күдіктілердің жасы — 17-де.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор