358

Талдықорғанда арнайы операция кезінде 62 жастағы әйел ұсталды

Ауылда тұратын әйел есірткі сатумен айналысқан.

Талдықорғанда арнайы операция кезінде 62 жастағы әйел ұсталды
polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғанда арнайы операция барысында 62 жастағы әйел заңсыз есірткі сақтаған және сатумен айналысқан күдікпен қолға түсті.

Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, оқиға Еркін ауылында тіркелген. Күдіктіге бақылаулы сатып алу жүргізіліп, одан 5 граммнан астам гашиш алынған.

Тергеу барысында үйінен алты полиэтилен пакеті табылып, ішінде өсімдік тектес заттар болған. Сондай-ақ, ауладағы сарайдан үлкен қара пакет шықты, ол да гашиш болып шыққан — жалпы салмағы 5 кг-нан асады.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, барлық жағдайлар анықталуда. Күдіктінің денсаулығы ескеріліп, оған үйқамақ түріндегі шара қолданылды.

Қазіргі заңнамаға сәйкес, есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе сату 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырумен және мүлікті тәркілеумен жазаланады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор