248

Ақтауда Наурыз мейрамында автобустар тегін қатынайды

Әкімдік Наурызға орай тегін көлік ұйымдастырды.

Ақтауда Наурыз мейрамында автобустар тегін қатынайды
gov.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 22 наурыз күні Ақтауда тұрғындар мен қала қонақтары мерекелік шараларға тегін жете алады. Қала әкімдігі Наурыз мейрамына байланысты арнайы қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырмақ.

Әкімдік мәліметінше, «Наурыз» деген белгісі бар кезекші автобустар 15-шағынаудандағы ХҚКО-дан бастап жағалаудағы амфитеатрға дейін қатынайды. Жолаушыларды отырғызу қолданыстағы аялдамаларда жүргізіледі, ал жол ақысы барлық жолаушы үшін тегін болады.

Қала билігі бұл шара тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Материал авторы