255

Рыбакина Путинцеваны жеңіп, Miami Open турнирінде алға шықты

Отандасымыз келесі кезеңде Костюкпен кездеседі.

Рыбакина Путинцеваны жеңіп, Miami Open турнирінде алға шықты
Instagram/LenaRybakina

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің екінші кезеңінде отандасы Юлия Путинцеваны сенімді жеңіп, жарыстың келесі айналымына жолдама алды.

Әйелдер теннис қауымдастығының мәліметінше, матч екі сетке ғана созылып, 6:3, 6:3 есебімен аяқталған. Рыбакина ойын барысында қуатты соққыларымен және дәл эйстерімен ерекшеленді. WTA ресми парақшалары оны әлемнің екінші ракеткасы ретінде атап, сенімді ойынын жоғары бағалады.

Үшінші айналымда қазақстандық теннисшіге Украина өкілі Марта Костюк қарсылас атанады. Ол бұған дейін өзбекстандық Камила Рахимованы жарыс жолынан шығарған.

Матчтан кейін Рыбакина ойыннан ләззат алатынын, бірақ жоғары деңгейдегі жүктеме оңай еместігін жасырмады. Оның айтуынша, қазіргі басты мақсат — ұсақ детальдарға мән беріп, ойын сапасын тұрақты түрде жетілдіру.

Материал авторы