Жангелдиндегі қылмыс: күдіктіге алаяқтық пен ұрлық айыбы қосылды
Сұлтан Сәрсемәлиевке бірнеше бап бойынша айып тағылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында Жангелдин ауылында болған төрт адам қаза тапқан резонансты іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Негізгі күдікті 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты айыптар ауқымы кеңейтілді.
Тергеу нұсқасына сәйкес, кісі өлтірумен қатар жәбірленушілердің малын сату және мүлкін иемдену деректері анықталған. Осыған байланысты күдіктіге қосымша «ұрлық» және «алаяқтық» баптары тіркелді.
Іс аясында күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева да тексерілуде. Тергеу сотының санкциясымен ол стационарлық сот-психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу үшін арнайы медициналық мекемеге орналастырылған. Қажет болған жағдайда оны Алматыдағы Сот сараптамалары институтына жіберу мүмкіндігі қарастырылып отыр.
Қазіргі таңда оның әрекеттеріне құқықтық баға берілмеген, бұлтартпау шарасы таңдалмаған.
Прокуратура мәліметінше, түпкілікті шешім сараптама қорытындылары шыққаннан кейін қабылданады. Тергеудің аяқталу мерзімі жүргізіліп жатқан іс-шаралардың көлеміне және сараптамалардың нәтижесіне байланысты болады.
Қадағалаушы орган тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Материал авторы