561

Иран АҚШ пен Израильге бітімге келуден бас тартты

Иран соғысты тоқтату шартын қатаң қойды.

Иран АҚШ пен Израильге бітімге келуден бас тартты
english.alarabiya.net

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иран билігі АҚШ пен Израильмен уақытша бітімге келуден бас тартты. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді.

Оның айтуынша, Тегеран үшін уақытша атысты тоқтату жеткіліксіз. Иран тек соғыстың толық, жан-жақты және тұрақты аяқталуын талап етеді.

Қазіргі таңда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы үшінші аптаға ұласты. Осы уақыт аралығында тараптар бір-біріне соққы беруді тоқтатпаған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп әскери операцияның мақсаттарына жақын қалғанын айтып, Таяу Шығыстағы ауқымды әскери әрекеттерді қысқарту мүмкіндігін жоққа шығармаған еді.

Материал авторы