Шалқардағы 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды
Ақтөбе облысындағы жаппай төбелес кезінде қаза тапқан баланың қалай қайтыс болғаны белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында болған қайғылы оқиғаға қатысты тың мәліметтер белгілі болды. 20 наурызға қараған түні Шалқарда жаппай төбелес салдарынан 17 жастағы жасөспірім көз жұмды.
Дәрігерлердің айтуынша, бозбаланы ауруханаға белгісіз адамдар жеткізген. Алайда ол сол сәтте-ақ қайтыс болған. Денесі бірден сот-медициналық сараптамаға жіберілген.
Оқиғаның нақты қалай өрбігені әлі толық анықталған жоқ. Полиция төбелеске қанша адамның қатысқанын нақтыламайды, тек олардың барлығы шамамен 17 жаста екені белгілі.
Марқұм бір жыл бұрын мектеп бітіріп, әскерге баруды жоспарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге пышақ жарақаты себеп болған. Соққы жүрек тұсына тиген деген болжам бар.
Сондай-ақ, оқиға кезінде жасөспірімдердің қолында тек пышақ емес, атыс қаруы да болуы мүмкін деген жорамал қарастырылып жатыр.
Полиция мәліметінше, күдіктілердің барлығы анықталған. Тергеу барысы ведомство басшылығының бақылауында. Барлық қатысы бар тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, кінәлілер заң аясында жауапқа тартылады.
Материал авторы