Алматыдағы Наурызда бірден үш әлемдік рекорд орнатылды
Түйе үстіндегі дәлдік пен ат үстіндегі ерлік.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда Наурыз мейрамы ұлттық спорттағы ірі жетістіктермен есте қалды. Орталық ипподромда өткен думанда қазақстандық шабандоздар бірден екі әлемдік рекорд орнатты.
Қала әкімдігінің мәліметінше, халықаралық төрешілер бұл нәтижелерді ресми түрде тіркеген.
Алғашқы рекордты Динара Сайдалина жаңартты. Ол жүйткіген түйе үстінде садақ атып, сағатына 35,9 шақырым жылдамдықпен барлық төрт нысананы дәл көздеген.
Екінші жетістік Ернар Жасұзақтың еншісінде. Ол «жигитовка» дисциплинасында 500 метр қашықтықты 43,3 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Шабандоз бұл аралықты ат үстінде тік тұрып, тізгінсіз еңсерген.
Мерекелік бағдарлама тек рекордтармен шектелмеді. Көкпардан өткен тартысты додада «Жетісу» командасы алтын кубокты жеңіп алды. Сонымен қатар қала тұрғындары асық ату, арқан тарту және қазақ күресі бойынша бақ сынады.
Бұдан бөлек, тағы бір әлемдік рекорд Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында тіркелді. Мұнда биіктігі 11 метрден, диаметрі 20 метрден асатын алып шаңырақ орнатылып, Global Best of Records кітабына енді. Осы оқиғаға арнайы ұзындығы 100 метрден асатын сырмақ дайындалған.
Материал авторы