279

Қатар тікұшағы апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты

Парсы шығанағында әскери борт құлады.

Қатар тікұшағы апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты
Noushad Thekkayil/NurPhoto via Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Парсы шығанағында Қатар әуе күштеріне тиесілі әскери тікұшақ апатқа ұшырап, жеті адам көз жұмды. Қайғылы оқиға елдің аумақтық сулары үстінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, борттағы алты адамның мәйіті табылған. Тағы бір ұшқыш із-түзсіз жоғалып кеткен, оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қатар билігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың төртеуі – елдің әскери қызметкерлері, ал үшеуі – Түркия азаматтары. Түрік тарапы олардың қатарында бір әскери маман және Aselsan әскери-өнеркәсіптік компаниясының екі инженері болғанын нақтылады.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тікұшақ жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде техникалық ақауға байланысты құлаған.

Айта кетейік, бұған дейін Қатар әуе күштері Иранның екі Су-24 ұшағын атып түсіргені туралы ақпарат тараған болатын.

Материал авторы