322

Рыбакина Майамидегі турнирде төртінші айналымға өтті

Рыбакина Костюкті жеңіп, жарысты жалғастырып жатыр.

Рыбакина Майамидегі турнирде төртінші айналымға өтті
ktf.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 санатындағы беделді турнирде сәтті өнер көрсетіп, жарыстың төртінші кезеңіне жолдама алды.

Үшінші айналымда ол әлемдік рейтингте 27-орында тұрған украиналық Марта Костюкті сенімді жеңді. Кездесу екі сетте аяқталды — 6:3, 6:4.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Рыбакина матч бойы тұрақты ойын өрнегін көрсетіп, өз беруінде сенімді болды. Сонымен қатар шешуші сәттерде брейк-пойнттарды тиімді пайдаланып, жеңісті өз пайдасына шешкен.

Енді ширек финалға шығу үшін Рыбакина австралиялық теннисші Талия Гибсонмен кездеседі. Қарсыласы WTA рейтингінде 68-орында тұр.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваны жеңіп, үшінші айналымға өткен еді.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінен кейін ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанған болатын.

Материал авторы