226

Жетісудағы ірі апаттан кейін жүргізуші көлікте қысылып қалған

Алматы – Өскемен тасжолында төрт көлік соқтығысты.

Жетісудағы ірі апаттан кейін жүргізуші көлікте қысылып қалған
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында Алматы – Өскемен тас жолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші көліктің ішінде қысылып қалды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апат 215-шақырымда, Алғабас ауылы маңында болған. Оқиға орнында бір жүк көлігі мен үш жеңіл автокөлік соқтығысқан. Өрт тіркелмеген.

Соқтығыс салдарынан екі адам зардап шеккен. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен көлік ішінде қысылып қалған бір адамды шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Материал авторы