228

Павлодарда жаңа туған егіз сәбилер тікұшақпен құтқарылды

Санавиация іске қосылып, егіздер ауруханаға жеткізілді.

Павлодарда жаңа туған егіз сәбилер тікұшақпен құтқарылды
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында өмірге енді ғана келген егіз нәрестелер санавиация көмегімен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Операцияға «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, санитарлық рейс Шарбақты ауылынан жүзеге асқан. Ұшу кезінде сәбилердің жағдайын санавиация дәрігерлері бақылап отырған.

Мамандардың айтуынша, экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында рейс сәтті өтті. Өткен түні дүниеге келген егіздер қазір дәрігерлердің бақылауында.

Материал авторы