Иран Парсы шығанағын минамен қорғамақ
Иран Парсы шығанағын АҚШ шабуылына қарсы минамен жауып тастамақ.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иран Қорғаныс кеңесі АҚШ Иран жағалауына немесе аралдарға жергілікті операция жүргізген жағдайда, Парсы шығанағындағы барлық су жолдарын минамен жауып тастайтынын мәлімдеді. Бұл туралы CNN ақпарат агенттігі жазды.
Қорғаныс кеңесі жариялаған мәлімдемеде Ормуз бұғазы арқылы бейбіт елдердің өтуі тек Иранмен үйлестірілген жағдайда мүмкін екені айтылған. Кеңес сонымен қатар қарсы тараптың кез келген шабуылы Парсы шығанағы мен жағалауындағы байланыс және өту жолдарының минамен қорғалатынын ескертті.
«Бүкіл Парсы шығанағы фактілік түрде жабылады, оның жауапкершілігі қауіп төндіруші тарапқа жүктеледі», – делінген мәлімдемеде.
Бұл ескерту АҚШ президенті Дональд Трамп Иран электр станцияларын бомбалау қаупін айтқаннан кейін жарияланды. Президент бұған дейін Ормуз бұғазы толық ашылмаса, әскери әрекет жасауға дайын екенін мәлімдеген еді.
Сонымен қатар, Иранның Халықаралық теңіз ұйымындағы өкілі Али Мусави суднолардың Ормуз бұғазынан Иранмен үйлестіріп өтуі мүмкін екенін айтты.
Бұған дейін 22 елдің басшылары Ормуз бұғазының жабылуын сынап, 7 ел оны ашуға дайындық білдірген.
Материал авторы