АҚШ-та ірі мұнай зауытында жарылыс болды
Жарылыстан кейін зауытта өрт тұтанды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың Техас штатындағы Порт-Артур қаласында орналасқан Valero Energy компаниясының мұнай өңдеу зауытында қуатты жарылыс болып, артынша өрт шықты.
Жергілікті билік жақын маңдағы аудандар тұрғындарына «үйде болу» режимін енгізді. Бұған ауаға тараған күкіртсутек иісінің күшеюі себеп болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа қыздыру блогындағы техникалық ақау түрткі болуы мүмкін. Компания өкілдері зауыттағы барлық қызметкерлердің қауіпсіз жерде екенін хабарлады.
Қалалық қызметтер ауа сапасын бақылауды жалғастырып жатыр. 23 наурыз кешіне қарай ластану деңгейі тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірмейтіні айтылды.
Айта кетейік, Мексика шығанағы жағалауында орналасқан бұл зауыт тәулігіне шамамен 435 мың баррель жанармай өндіреді және 700-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
Материал авторы