352

Атырауда сауда орталығында жасөспірім жоғарыдан құлап кетті (ВИДЕО)

Құлау кезінде төбе конструкциясы зақымданды.

Атырауда сауда орталығында жасөспірім жоғарыдан құлап кетті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау қаласындағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жасөспірім биіктен құлап, ауыр жарақат алды. Оқиға 24 наурыз кешінде тіркелген.

Алдын ала мәліметке сәйкес, құлау кезінде ғимараттың кіреберіс бөлігіндегі төбе конструкциясының бір бөлігі зақымданған. Оқиға туралы хабар 21:51-де түскен, сол жерге жедел жәрдем бригадасы шұғыл жеткен.

Дәрігерлер зардап шеккен жасөспірімге алғашқы көмекті оқиға орнында көрсетіп, кейін облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында, жағдайы нақтыланып жатыр.

Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда.

Материал авторы