477

Атырауда жаңбырдан соң киім мен көліктерде қара дақ қалды

Тұрғындар шағымданып, әкімдік тексеріс бастады.

Атырауда жаңбырдан соң киім мен көліктерде қара дақ қалды
instagram.com/atyrauoil.official

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда жауған жаңбыр қала тұрғындарын алаңдатып қойды. Жаңбыр тамшылары киімде, көлік әйнектерінде және терезе алды беттерінде қара дақ қалдырып жатыр. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желілерде жаппай жазып, фото-видео дәлелдер жариялауда.

Кадрлардан тамшылардың кәдімгі жаңбырдан өзгеше екені анық байқалады: су емес, лайлы із қалдырады. Қала ішінде «лас жаңбыр» туралы әңгіме тез таралып, жұрттың күдігін күшейтті.

Жағдайға қатысты Атырау қаласының әкімдігі түсініктеме берді. Ресми мәліметке сәйкес, жауын-шашыннан кейін уәкілетті қызметтер атмосфералық жауын үлгілерін жинап алған. Қазір жаңбыр суының құрамына химиялық зерттеу жүргізіліп жатыр.

Әзірге нақты себеп айтылған жоқ. Сараптама қорытындысы шыққан соң ғана жаңбырдың құрамында қандай заттар бар екені белгілі болады. 

Материал авторы