ТЖМ ескерту жасады: Өңірлерде тұман мен көктайғақ күтіледі
Бүгін елімізде ауа райы күрт құбылады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде алдағы уақытта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Дегенмен батыс өңірлерде жаңбыр жауып, солтүстікте қар аралас жауын болуы ықтимал.
Төтенше жағдайлар министрлігі республика бойынша тұман түсіп, жолдарда көктайғақ қалыптасуы мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдықты шектеп, арақашықтықты сақтауға кеңес берілді.
Синоптиктердің болжамынша, күндізгі ауа температурасы өңірлерге қарай әртүрлі болады:
Батыс пен солтүстік-батыста +15…+25°C
Солтүстік пен шығыста +10…+17°C
Орталықта +13…+24°C
Оңтүстікте +30°C дейін
Оңтүстік-шығыста +18…+27°C
Құтқарушылар ауа райының құбылуына байланысты жолда аса сақ болуға шақырады.
Материал авторы