Көшелерге адам атын беруге тыйым салу керек – Байменов

26.03.2026, 11:06
145
Көшелерге адам атын беруге тыйым салу керек – Байменов ЖИ иллюстрациясы

Атаулар ұлттық сипаттан алыстап барады деп дабыл қақты саясаткер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда көшелер мен елді мекендерге адам атын беруді уақытша тоқтату қажет. Мұндай ұсынысты Әлихан Байменов көтерді.

Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкастында Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов ономастика саласындағы түйткілдерге тоқталды.

Ол тәуелсіздік жылдары қазақ тілінің қолдану аясы айтарлықтай кеңейгенін атап өтті.

«80-жылдармен салыстырғанда Тәуелсіздіктің арқасында қазақ тілінің қолдану аясы кеңейді. Психологиялық тұрғыда да өзімізді еркін сезінеміз. Мемлекет құраушы ұлт екенімізді түсінеміз», — деді ол.

Сонымен қатар, тілдің дамуына қатысты кейбір үрдістерге күмәнмен қарайтынын жасырмады. Әсіресе, терминология мәселесіне тоқталды.

«Терминком 140 мың термин бекітті деген ақпаратты оқығанда таң қалдым. Кейін түсіндім, “микрофонды” микрофон деп жазса да, оны бір термин ретінде есептеген сияқты. Әйтпесе, 140 мың — тым көп», — деді Байменов.

Оның айтуынша, халықаралық тәжірибеде кейбір терминдерді өзгеріссіз қолдану қалыпты құбылыс.

«Мұндай тәжірибе бар, бірқатар терминдер сол қалпында қолданылады», — деді ол.

Байменов тілдің табиғи дамуы атау беруден басталатынын ерекше атап өтті.

«Бір затқа немесе құбылысқа атау беру — ұлт тілінің тірлігінің негізі», — деді комитет төрағасы.

Осы тұрғыда ол ономастика саласына түбегейлі өзгеріс қажет екенін айтып, нақты ұсыныс білдірді.

«Сондықтан көшелер мен елді мекендерге адамдардың атын беруге мораторий жариялау керек», — деді ол.

Оның пікірінше, қазіргі атаулар ұлттық сипаттан алыстап барады.

«Біреудің атымен қойылған көшеден гөрі, Өр көше, Ылди көше, Көлеңкелі көше, Шуақты көше, Шиелі көше, Аршалы көше деген атаулар болар еді. Бұл — сипаттау. Қазір сол қабілетімізден айырылып бара жатырмыз», — деді Байменов.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті