328

Ақтөбеде жүкті әйелді әкеле жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Полиция апаттың себебін тексеріп жатыр.

Ақтөбеде жүкті әйелді әкеле жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Ақтөбе ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде жүкті әйелді тасымалдап келе жатқан жедел жәрдем көлігі мен Toyota автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Жедел жәрдем аударылып кеткен, науқас ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы Сәңкібай батыр даңғылында орын алды.

Апат кезінде жедел жәрдемде жүкті пациент болған. Қақтығыс салдарынан көлік бүйіріне аударылды.

«Жедел жәрдем көлігіндегі пациент медициналық мекемеге жеткізілді», — деп хабарлады полиция.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор