Маңғыстау әкімі хоккейшілерге ту бейнеленген шайбамен ойнауға жол бермеді
Ақтаудағы хоккей ойынын әкім тоқтатты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы жаңа мұз сарайының ашылу рәсімінде Қазақстан туы бейнеленген шайбаны пайдалануға жол бермей, хоккей ойынын тоқтатты.
Ақтаудағы жаңа мұз сарайында өткен көрсетілімдік хоккей ойыны кезінде туы бейнеленген шайбаны қолдануға әкім Нұрдәулет Қилыбай рұқсат бермеді. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде тез таралып, пайдаланушылардың назарын аударды.
Халық әкімнің мемлекеттік символға деген құрметін жоғары бағалады:
«Дұрыс жасады, біздің көк туымыз жерге түспей, биік болуы керек».
«Әкім Маңғыстау облысына, оның ішінде Ақтауға көп өзгерістер әкелуде, барын бағалайық».
«Қазақтың туы биікке желбіреу керек, біздің ата-бабамыз осы ту үшін жанын пида етті».
Оқиға жаңа мұз сарайының ашылу салтанаты аясында өтті, мұнда хоккей шеберлерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды. Әкімнің шешімі әлеуметтік желілерде қызу талқыланды және мемлекеттің рәміздеріне деген құрметті көрсету ретінде бағаланды.
Материал авторы