771

«Қалыңмалға 10 млн теңге бердік»: Жанболат пен Жазира келін түсірді

Жұлдызды жұп ұлының үйлену тойын тікелей эфирде көрсетпек.

«Қалыңмалға 10 млн теңге бердік»: Жанболат пен Жазира келін түсірді
instagram.com/zhazira_bairbekova

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әншілер Жанболат пен Жазира Байырбековтар ұлдарына келін түсіріп, отбасы шаңырағын кеңейтті.

Көптен бері ұлының үйленетінін айтып келген Жанболат пен Жазира шаңырақтарына келін түсірді. Әншілердің қызы Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде тойдың қызықты сәттерін бөлісіп, сырға салу рәсіміне арналған қоржын мен дәмдер жинағын көрсетті. Өнер иесі топтаманы «Шаңырақ» деп атаған.

Жазираның жазуынша, қоржыны дайын, келесі күні болашақ келінге сырға салу рәсімі өткізілген. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, өнер иелері келінінің қалыңмалына 10 миллион теңге берген. Сырға салу барысында Жазира Байырбекова көз жасына ерік берген.

Құдалыққа басқа да шоу-бизнес өкілдері, соның ішінде әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева қатысқан. Қызық жайт – жұлдызды жұп «МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловпен құда болды. Кадрлардан Кенжебектің құдаларды жылы қарсы алып, төрге бастап жатқаны көрінеді.

Жазира Байырбекова өз жазбасында: «Қазақтың салт-дәстүрімен, ұлымызға ақ құсын қондыруға ниет етіп, құдалар болып, ақ келінімізге сырға салуға келдік. Бұл – екі әулеттің табысқан, берекелі бастамасының белгісі. Алла тағала осы қуанышымызды баянды етіп, жас жұбайларға махаббат пен береке нәсіп етсін», – деп атап өтті.

Үйлену тойы 27 наурызда өтеді. Әншілер көпшілік сұрауы бойынша тойды тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Жазира шақырылған қонақтарға видеограф пен мобилографсыз келуін сұрап, тойға арнайы кәсіби түсірілім жүргізілетінін хабарлады.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор