Атырауда дәстүрлі садақ атудан «Алтын Орда» халықаралық турнирі аяқталды

29.04.2023, 10:33
505
Атырауда дәстүрлі садақ атудан «Алтын Орда» халықаралық турнирі аяқталды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

27-28 сәуір күндері Атырау қаласында Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет өткен дәстүрлі садақ атудан «ALTYN ORDA» халықаралық турнирі қорытындыланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Садақшылар 30 метрден 70 метрге дейінгі қашықтыққа арналған Пута, Орта Азия, Жамбы нысана түрлері бойынша мергендік шеберліктерін сынасты.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті-Бас хатшысы Тастанбек Есентаев аталған шараға арнайы қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

«11 мемлекеттің басын қосып, сайыста керемет өнер көрсеткен садақшылар мен меймандар Атырау өңіріне қош келдіңіздер! Тарихи дәстүрдің жандануына бірден-бір септігін тигізіп жатқан садақ атудан «Алтын Орда» халықаралық турнирінің біздің өңірде өтіп жатқанын мақтанышпен айта аламыз. Осы орайда, сайыстың өтуіне ұйтқы болған «Batu Han zhebesi» Атырау облыстық федерациясының басшысы Бексұлтан Маратқа Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты табысталады. Мәдениет пен дәстүр, ұлттық дәстүріміздің жандануына арналған ауқымды шаралар әлі де өз жалғасын табады», - деді облыс әкімінің орынбасары Ж.Бисембиев.

Ал, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті-Бас хатшысы Тастанбек Есентаев жарыстың маңыздылығына тоқталды.

«Дана халқымыздың қасиетті тілінде «мерген» дейтін сөз бар. Жаугершілік заманда садақ ату мен мергендік өнер елдің тұтастығы мен бекемдігі үшін баға жетпес құндылық болып саналған. Ал, бүгінде садақ ату өнермен қоса – үлкен спорт.

Өздеріңізге белгілі, дәстүрлі садақ ату спорты елімізде ұлттық спорт түріне жатады. Ал, ұлттық спортымыздың дамуы мен дұрыс насихатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ерекше бақылауында екенін бірнеше рет айтып, ұлттық спортты дамыту Концепциясын әзірлеуді, ұлттық спортымызды Олимпиадалық спорт түрлерімен деңгейлес етіп көтеру керектігін және келесі жылы елімізде өтетін V Көшпенділер ойындарын өте жоғары деңгейде өткізуге тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда біз осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Осынау жарысқа алыс-жақын шетелдерден көптеген спортшылар келді. Бұл турнирдің қаншалықты жоғары деңгейде өткендігінің көрсеткіші деп санаймын» деді Тастанбек Құтжанұлы.

Турнир қорытындысына сәйкес, ерлер арасынан Пута нысана түрінен (70 метр) І орын Ынтымақ Мұрәділұлы (Қырғызстан), ІІ орын Бексұлтан Марат (Қазақстан, Атырау), ІІІ орын Бақыт Тоқтоматов (Қырғызстан). Әйелдер арасынан (60 метр) І орын Динара Жақсылықова (Қазақстан, Астана), ІІ орын Ямбиидончир Баярцецег (Моңғолия), ІІІ орын Алия Ишмуратова (Ресей).

photo

Ерлер арасынан Орталық Азия нысана түрінен (40 метр) І орын Аккайя Хаяти (Түркия), ІІ орын Бақыт Тоқтоматов (Қырғызстан), ІІІ орын Рустам Ногойбаев (Қырғызстан). Әйелдер арасынан І орын Алия Ишмуратова (Ресей), ІІ орын Фариза Сабыржан (Қазақстан, Астана), ІІІ орын Динара Жақсылықова (Қазақстан, Астана).

Ерлер арасынан Жамбы нысана түрінен (30 метр) І орын Самал Зулпыхаров (Қазақстан, Маңғыстау), ІІ орын Мақсат Әбдікерімов (Қазақстан, Шымкент), ІІІ орын Ербол Тапенов (Қазақстан, Астана). Әйелдер арасынан І орын Норсиани Бинти Мохд Hop (Малайзия) ІІ орын Жазира Кузекбай (Қазақстан, Астана), ІІІ орын Царица Анжела (Қазақстан, Астана) иеленіп, медельдар мен дипломдар және ақшалай сыйақылармен марапатталды.

Айта кетейік, дүбірлі додада 11 мемлекеттен соның ішінде Қазақстаннан 150-ге жуық мерген бақ сынады. Турнирдің ұйымдастырушысы – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, ҚР Садақ ату федерациясы және «Batu Han zhebesi» облыстық дәстүрлі садақ ату федерациясы. Ал, турнирдің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал, серіктесі «Sportqory» спортты қолдау қоры болды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды