Тарихта тұңғыш рет араб астронавты ашық ғарышқа шықты

Біріккен Араб Әмірліктерінің ғарышкері Сұлтан әл-Нейади ашық ғарышта NASA астронавты Стив Боуэнге қосылу үшін халықаралық ғарыш станциясының модулінен шықты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Тарихта тұңғыш рет араб астронавты ашық ғарышқа шықты
Euronews

Әл-Нейадидің отаны ғарыштағы бұл саяхатты «тарихтың елеулі кезеңі» деп атады. Отандастары астронавқа «Ғарыш сұлтаны» деген ат қойды.

41 жасында Сұлтан әл-Нейади ашық ғарышқа шыққан алғашқы араб ғарышкері атанды.

Ол алты айдан бері ХҒС бортында болды.

Станция модулінен шыққаннан кейін әл Нейади NASA-дағы әріптесімен бірге модульді энергиямен жабдықтау жүйесін жаңарту жұмысын атқарды.