Мейрамбек Беспаев блогермен құшақтап амандасамын деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
Әншінің әрекеті желіде қызу талқыға түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың блогер Сабина Мовлаевамен шоу барысында амандасу әрекеті желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік оның белінен құшақтап амандасуын сынға алды.
«Cover Show» бағдарламасында төрелік еткен Мейрамбек Беспаев блогер Сабина Мовлаевамен амандасқанда, оны белінен құшақтап алғаны көрермендер мен желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Блогер өзін қатты қорқып, қобалжығанын жеткізген.
Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірлері біркелкі болды. Көпшілік әншінің әрекетін қолдамады, «Сонша белінен ұстап амандасқаны несі?», «Қатты жақын араласатын адамдай құшақтап алғаны несі», «Ерсі әрекет» деген сын пікірлер білдірді. Кейбіреулер «Очки кигені бекер емес екен ғой» деп әзіл қосты.
Әншінің өзі шоу барысында қатысушыларға жылы көңіл танытқанымен, осындай әрекеттер көрермендер арасында пікір бөлді.
Материал авторы