347

Қазақстан Түркістанды АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз алаңы ретінде ұсынады

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран әріптесімен телефон арқылы пікір алмасып, Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Қазақстан Түркістанды АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз алаңы ретінде ұсынады
freedom-travel.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Түркістан қаласын АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздер үшін алаң ретінде ұсынуға дайын. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылады. Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Көшербаев ирандық әріптесіне Қазақстанның Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаушылық білдіретінін жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстан тарапы Түркістан қаласын бейбіт келіссөздер өткізуге алаң ретінде ұсынуға дайын екенін растады.

Тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға келісті. Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына сапары кезінде Қазақстанның Таяу Шығыстағы даулы мәселелерде делдал болуға ұмтылмайтынын айтқанымен, келіссөздер үшін өз алаңын ұсынуға дайын екенін мәлімдеген еді.

Материал авторы