Димаштың әні алғаш рет Уругвай радиосында шырқалды
Димаш Құдайбергеннің дауысы алғаш рет Уругвай радиосында шырқалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.
25 сәуірде Уругвайдың Maxima FM 97.7 радиостанциясында Димаштың «Together» синглы шырқалды.
Бұл - қазақстандық әртістің Уругвай радиосындағы алғашқы таратылымы.
Maxima FM 97.7 - Уругвайдың Нуэво Пайсанду қаласында орналасқан танымал радиостанция.
Радио елдің соңғы жаңалықтары мен қызықты оқиғаларын, сондай-ақ әртүрлі жанрдағы музыканы таратады.