532

«A’Studio» тобының экс-мүшесі Мәскеуде қолға түсті

Бағлан Садуақасовтың ұлы күдікке ілінді.

«A’Studio» тобының экс-мүшесі Мәскеуде қолға түсті
instagram.com/tamerlansa

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәскеуде «A’Studio» тобының бұрынғы мүшесі Тамерлан Садвакасов мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталды.

Мәскеуде «A’Studio» тобының экс-музыканты Тамерлан Садвакасов жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін тоқтатылып, мас күйінде көлік жүргізді деген күдікке ілінді. Бұл туралы ресейлік дереккөздер хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, өнер иесін жол полициясы таңғы сағат 05:00 шамасында Волоколамск тасжолында тоқтатқан. Тексеру барысында ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Осыдан кейін Садвакасов полиция бөліміне жеткізілді.

Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Тамерлан Садвакасов – гитарист әрі вокалист, марқұм музыкант Бағлан Садвакасовтың ұлы.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор