623

Бүгін шахматтан әлем чемпионы атағы үшін шешуші партия ойналады

Бүгін әлем чемпионы атағы үшін Ян Непомнящий мен Динь Лижэнь арасындағы шахмат матчының 14-ші, яғни ең соңғы партиясы өтеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бүгін шахматтан әлем чемпионы атағы үшін шешуші партия ойналады
smartnews.kz

Партия алдында шахматтан 17-ші әлем чемпионына табысталатын кубок Астанада жанкүйерлер назарына ұсынылды.

Қос гроссмейстердің шешуші кездесуі Астанада сағат 15:00-де басталады.

Бұл партияда қытайлық шахматшы Динь Лижэнь - ақ, ал ресейлік Ян Непомнящий - қара фигуралармен ойнайды.