386

Астанадағы сауда орталығында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Куәгерлердің айтуынша, бір топ жас жігіт сауда орталығында жанжал шығарып, келушілерді үрейлендірген.

Астанадағы сауда орталығында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы сауда орталықтарының бірінде болған жаппай төбелес видеоға түсіп, желіде тарады. Оқиға келушілерді шошытқан.

Астанадағы «Көктал» сауда-ойын-сауық орталығында бір топ жас жігіттің қатысуымен жаппай жанжал шықты. Куәгерлердің айтуынша, төбелес қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, орталықтағы адамдарға қауіп төндірген.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыланып жатыр. Қазіргі уақытта жанжалдың шығу себебі мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат нақтылануда.

Астана қалалық Полиция департаменті бұл фактіні растады. «102» арнасына түскен хабарлама бойынша оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері төбелеске қатысушыларды ұстаған. Олар Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

Қазір аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартатынын мәлімдеді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор