Жер шарын айналатын Golden Globe Race жарысында алғаш рет әйел адам жеңіске жетті

29.04.2023, 12:10
500
Жер шарын айналатын Golden Globe Race жарысында алғаш рет әйел адам жеңіске жетті LOIC VENANCE

Оңтүстік Африка Республикасының өкілі шкипер Кирстен Нойшафер яхтамен жер шарын айналатын Golden Globe Race 2022 жеке жарысында жеңген әлемдегі алғашқы әйел атанды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.

Ол 235 күн уақытын порттарға кірмей, теңізде өткізіп, бейсенбі күні финишке жетті.

Кирстеннен кейінгі қатысушы, үндістандық шкипер Абхилаш Томи Кирстен финишқа жеткен кезде одан 185 шақырымнан аса қашықтық кейін келе жатқан.

Бұл 30 мың теңіз милясын жүріп өтетін жарыс үшін көп арақашықтық емес, бәсеке өте жоғары болды.

Кирстен көп жылдан бері яхтингпен айналысады. Кемемен түрлі бағыттарға, оның ішінде жалғыз да сапар шеккен.

Ол деректі фильмнің түсірілім тобымен бірге желкенді қайықта Антарктидаға барған.

Сондай-ақ велосипедпен де саяхаттайды: 22 жасында Кирстен бір жыл ішінде шамамен 15 мың шақырым жүріп өткен.

Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары «Жаны қысылды»: Айсәуле Бақытбек анасына тағы аяғы ауыр екенін айтып, оны шошытып алды «Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді «Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты «Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді Дене шынықтыру сабағында оқушы қыз саусағынан айырылып қалды Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО) Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті Рим Папасы Франциск қайтыс болды «Досымда бомба бар»: Жасөспірімнің әзілінен соң ұшуға шектеу қойылды Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды